Электрлік (алтынмен күмістің қосындысы) нақышталып өрнектелген (лотос гүлі, иірілген жүзім, бұлттар) көлденең пішінді тұтқасы бар тостақ. Электрлік ыдыс ағаш матрицадан соғылған іспетті. Майысқан, сырылған, қарайған және кірленген жерлері бар. Алтын тостақ - XIII-XIV ғғ. Алтын Орда кезеңіне жататын Жетісу жеріндегі Шеңгелді қорымынан табылған құнды жәдігер.