KZ RU EN

Әйнекеленген шырағдан тұғыры

Шырағдан Қазақстанның көне тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі саналатын Отырар қаласынан, ХІV-ХV ғғ. жататын мәдени қабатттан табылды.Осы уақытта Отырар қаласы Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі сауда, қолөнер орталығына айналған, гүлденген кезеңі еді. Шырағдан Отырардың қыш шеберханасынан шыққан төл бұйымы, бірақ Қытай еліне кең таралған «айдаһар» бейнесінің болуы табиғи заңдылық. Себебі батыс пен шығысты жалғастырған Ұлы Жібек жолы алуан түрлі мәдениеттер мен халықтарды бір-бірімен байланыстырып, сонау ежелгі заманнан бері идеялар алмасудың тұрақты да маңызды факторы ретінде қызмет етіп келді.